Бүгінде Мұхтар Әбіләзовтің тәртіп сақшыларының қолына түсіп, құлып астына алынғанына бір аптадай уақыт болды. Біз мұның бірқатар жай-жапсарын еліміз Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің деректері бойынша газетіміздің 3 тамыз күнгі нөмірінде жарияланған «Әбіләзов ұсталды» деген мақалада баяндап бергенбіз.
Осы екі аралықта Мұхтар Әбіләзов торға түскен ел – Францияның Экс-ан-Прованс қаласының соты өзінің оған қатысты ең алғашқы шешімін де шығарып үлгерді. Олар өткен бейсенбі күні қазақстандық БТА банктің экс-қожайынын тұтқыннан шығармай, ұстап отыра беру хақындағы мәмілеге тоқтады. Осылайша Әбіләзовтің шетелдік адвокаттарының оны қаншалықты көлемде болса да, сұрастырылған бағасындағы ақшаның кепілдігімен бостандыққа шығара тұру турасындағы ұсынысы қабыл алынбады. Бәлкім, бұл бір есептен дұрыс та болған шығар. Әйтпесе, мүдделі біреулердің осы сәтті пайдаланып, оның өміріне қастандық жасауы да ықтимал ғой...
Енді өткенді бір еске түсіріп өтсек, сөздің басын 31 шілде күні сағат үштің шамасында Францияның оңтүстігіндегі Муан-Сарту деревнясында аса қымбат ақшаға жалға алынған аумағы атшаптырым виллада тұрып жатқан Мұхтар Әбіләзовті қолға түсіруге арналған ұзақ уақыттан бергі операцияның сәтті аяқталғанынан бастар едік. Қазір бірқатар шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатқандай, бұрынғы банкирдің жүрген-тұрған қадамдарын аңдуға сол күндері біраз құзыретті органдар араласқанға ұқсайды. Бұл туралы біз де осының алдында газетіміздің тәулік бойы жаңарып тұратын интернет-ресурсында үш рет ақпар бергенбіз. Міне, осылардың бәрінен белгілі болғаны: Әбіләзовтің қайдан шығып, қайда барғанын аңдуға Израильдің Gadot агенттігінің жеке детективтері аянбай атсалысқан көрінеді. Олар Мұхтардың әйелі мен қорғаушыларына шалған қоңырауларының ізі бойынша оның тұрған мекенін анықтауға қол жеткізіпті. Осының қабатында із кесушілер өткен аптаның басында олигархтың украиналық әріптесінің бұрынғы әйелі Елена Тищенконың деревняға келіп қайтқан сәтін де қалт жібермеген сыңайлы. Соның алдындағы аптада бұл әйел Лондонда болып, Әбіләзовтің сол қаладағы бір ісіне байланысты түсініктеме беріп қайтыпты. Ол Францияға оралған бойда Мұхтармен хабарласқан. Алайда, келіншек соңында аңдушы барын аңғара қоймаса керек. Бүгінде көбірек айтылып жүрген екі дерек осылай сыр шертсе, үшінші бір болжам бұл мекенжайды БТА банктің өкілі берген дегенге саяды. Мұны аталмыш банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «Время» газетінің тілшісі мәлімдеді.
Қалай дегенде де, экс-банкирді ауыздықтап, қолға түсіруге бағытталған операцияны бронетехника мінген француз арнайы қызмет органдарының жауынгерлері атқарғаны айдан анық. Осыған орай Францияның бұқаралық ақпарат құралдары әскерилердің бұл шараға барынша мұқият та тыңғылықты дайындалғанын ашық жазып жатыр. Бұл үшін тіпті олар тікұшақпен вилланың үстінен айнала ұшып өтіп, оның орналасқан аумағын жоғарыдан тексеріп өткен. Бұған, әсілі, Әбіләзовтің «құтханасын» қарулы күзетшілердің қорғап тұратыны себеп болған. Бірақ, айналып келгенде, мұның бәрі шамадан тыс сақтық пен дүрлігу болып шықты, жасанып келген жасақ мүшелеріне күзеттегі сарбаздардан бір адам да қарсы келген жоқ, барлығы айтылған сәтінде қаруларын тастап, қоралардың есіктерін айқара ашып берді. Ал олигархтың қолына кісен салу кезінде оның жанында туған қарындасы Гауһардың отырғаны анықталды. Бүгінде АҚШ-та тұрып жатқанына талай жыл болған әйелде полициялардың шаруасы болмаған. Сондықтан тәртіп сақшылары ағасын алып кеткен бойда ол өзінің жан-жақтағы туған-туыстарына бұл жөнінде жаппай хабар бере бастайды.
Осы тұста бірқатар ақпарат құралдары Мұхтар Әбіләзовтің жанында бірнеше елдің паспорттары болғанын да жарыса жазысып жатты. Мәселен, қамауға алынған кезінде оның қалтасынан Оңтүстік Африка Республикасының азаматы екенін білдіретін құжат шыққан. Оқырман қауым мамыр айының соңында Италияда қолға түскен Әбіләзовтің әйелі Алма Шалабаевадан да дәл осы елдің паспорты табылғанын әлі ұмыта қоймаған шығар. Бұдан кейін олигархтың туған күйеу баласы Ильяс Храпунов-Бекетовтің таяуда қалай ғана Африканың түстігіндегі мемлекет президентінің Швейцариядағы кеңесшісі болып шыға келген жайының көмескі дерегі алдан көлбеңдеп көріне береді. Тап осы кезде сол күйеу баланың тура бір кездерде Мәскеудің іргесінің шаңын бұрқыратқан қайын атасы секілді Альпі тауының баурайын