• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 10:10

Трамп қатысқан кеште оқ жаудырған күдікті сот алдында жауап береді

30 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Вашингтон қаласында журналистерге арналған қабылдау кешінде қарулы шабуыл жасаған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. CNN дерегінше, оған бірнеше бап бойынша айып тағылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Колумбия округінің прокуроры Жанин Пирроның мәліметінше, 31 жастағы Лос-Анджелес тұрғыны Коул Томас Алленге атыс қаруын заңсыз қолданудың екі эпизоды және федералды офицерге шабуыл жасау бабы бойынша айып тағылған. Тергеу тарапы оның әрекеті әдейі және барынша зиян келтіруге бағытталғанын атап өтті.

Зеленский: Трамп факторы Украинаға толық қауіпсіздік кепілі бола алмайды

Күдікті Washington Hilton қонақүйіндегі күзет бекетінен өтіп, шолақ мылтық, тапанша және бірнеше пышақпен қаруланған күйде ішке кірген. Тергеу деректеріне сәйкес, қолданылған қарулар 2023 және 2025 жылдары заңды түрде сатып алынған. Құқық қорғау органдары оның жалғыз әрекет еткені туралы нұсқаны қарастырып отыр.

Айта кетейік, өткен сенбі күні Вашингтонда өткен журналистерге арналған кеш барысында атыс дауысы естілген болатын. Оқиғаға байланысты күдікті сол сәтте ұсталды.

Сот процесі 27 сәуір, дүйсенбі күні өтеді.

Соңғы жаңалықтар