• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қаңтар, 2020

Шымкенттегі жоғары оқу орнында Парасат мектебі мен Адалдық дүкені ашылды

525 рет
көрсетілді

Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде сатушысыз дүкен жұмыс істей бастады.

Студенттер енді кеңсе тауарларын және оқу-жазу кезінде қажет болатын құралдарды  ешкімнің көмегінсіз  өздері ала алады. Адалдық дүкенінде әрбір тауардың бағасы жазылған.  Ал ондағы заттарды сатып алушы студенттер мен оқытушылар тауардың ақшасын арнайы жәшікке салып кетеді.

«Мұндай әдіс жастарды адалдық қағидатына тәрбиелейді», дейді университет ректоры Дария Қожамжарова.

Бұл университет жастарына әрбір іс-әрекетін ойланып, бағамдап барып жасауға жол көрсетеді. Білім ордасында сондай-ақ бүгінен бастап «Парасат» мектебі де жұмыс істей бастады. Аталған мектеп жастарға үш түрлі бағытта тәрибе береді. Оның алғашқысы – «Саналы ұрпақ», екіншісі, «Ізгілік елшісі» деген тақырыпты қамтиды. Бұл бағытта өңірдегі сәулелі ғұмыр кешкен, адалдықты ту еткен азаматтармен кездесулер ұйымдастарылады. Ал соңғысы жемқорлықтан ада қоғам құруды көздеп отыр.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілдері, «Шымкент-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ерасыл Төлебаев және университет оқытушылары мен білім алушы үздік шәкірттер қатысты.

Жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында қазір университ аумағына 16 үлкен лэд экран орнатылған. Оқу маусымының соңындағы әрбір сынақты кез-келген азамат осы экрандар арқылы бақылай алады.

«Студенттердің қатысуымен оқу процесінің тазалығына моиторнинг жасадық. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижесінде емтиханның тазалығы 86 пайызды көрсетіп отыр» дейді М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ректоры Дария Қожамжарова.