• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Тамыз, 2013

Алматыда қарақшылар тобы құрықталды

305 рет
көрсетілді

Алматыда қатары 5 адамнан тұратын қарақшылар тобы қылмыс үстінде қолға түсті. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жыл басынан бері ұсталған азаматтар қаладағы букмекерлік кеңселерге 15 рет қарақшылық шабуыл жасаған. Барлық шабуылдан келген шығынның жалпы көлемі 2 млн. 149 мың теңгені құрады», – делінген хабарламада.

«Ұсталған азаматтардың ешқайсысы бұған дейін сотталмаған. Бесеудің біреуі ғана – 1991 жылы туған азамат «Тұлпар» ЖШС-да таксист боп жұмыс істеген. Олардан айғақ заттар тәркіленіп алынды», – делінген одан әрі парақшада.

Барлық факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталып кетті.

Мұрат Айтқожа.

Соңғы жаңалықтар