Канаданың Кэмпбелтон қаласында зоодүкеннен шығып кеткен жылан сол үйде орналасқан пәтерге кіріп, екі баланы қылғындырып өлтірген. Бұл туралы «Lifenews.ru» хабарлады.
Тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан шағын зоодүкендегі аквариум ішінде сақталған үш метрлік жылан екінші қабаттағы пәтерге өрмелеп кірген. Бұл уақытта бес және жеті жасар екі бала пәтерде жалғыз қалған көрінеді. Алып жылан балаларды қылғындырып өлтірген.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жыланды ұстады. Енді жыртқыштың қамаудан қалай шығып кеткені анықталуда.
Айдар Өрісбаев.