• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Тамыз, 2013

Қосымша өкілеттіктер жауапкершілікті күшейтеді

330 рет
көрсетілді

Демократияның айқын көрінісі

Кеше Атырау облысының 72 округіне әкім сайланды

Не нәрсенің де болғанынан боладысы қызық қой. Ауыл әкімдерін сайлау өтеді дегелі бері Атыраудағы ел-жұрт та елеңдеп қалды. Мұны бір жағынан демократиялық дамудың жарқын белесіне балайтындар көп. Өйткені, бұған дейін ауыл әкімдері тағайындау арқылы қызметке алынса, енді бәрі басқаша сипат алғалы тұр. Өзге өңірлер секілді мұнайлы өңірде де ауыл әкімі болуға ынта танытқандар аз болмады. Олай дейтініміз, өңірдегі 72 округтен 214 үміткер сайлауға қатысуға ниет білдірді. Соның ішінде кеше өзіміз куә болған Махамбет ауданындағы ауылдар әкіміне 30 үміткер тіркеліпті.

 

Демократияның айқын көрінісі

Кеше Атырау облысының 72 округіне әкім сайланды

Не нәрсенің де болғанынан боладысы қызық қой. Ауыл әкімдерін сайлау өтеді дегелі бері Атыраудағы ел-жұрт та елеңдеп қалды. Мұны бір жағынан демократиялық дамудың жарқын белесіне балайтындар көп. Өйткені, бұған дейін ауыл әкімдері тағайындау арқылы қызметке алынса, енді бәрі басқаша сипат алғалы тұр. Өзге өңірлер секілді мұнайлы өңірде де ауыл әкімі болуға ынта танытқандар аз болмады. Олай дейтініміз, өңірдегі 72 округтен 214 үміткер сайлауға қатысуға ниет білдірді. Соның ішінде кеше өзіміз куә болған Махамбет ауданындағы ауылдар әкіміне 30 үміткер тіркеліпті.

Негізінен ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бет бұрылған бұл ауданда 10 округ бар. Аудан орталығымен бірге, ауылдарда халық саны артып келеді. Округтердің біреуінен өзгесі Жайық өзені жағасына таяу орналасқан. Осы округтерден аудандық мәслихатқа сайланған 12 депутат ауыл әкімдерін таңдады. Сайлау басталар алдында Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Марат Мырзашев дауыс беру тәртібін түсіндіріп өтті.

Дауыс беру көп уақыт ала қойған жоқ десек те, бір сағат­тан астамға созылды. Әр депутат өзі қалаған үміткерге дауыс беріп, өздерін аудандық мәс­ли­хат депутаттығына сайла­ған халықтың атынан таңдау жа­сады. Бізбен тілдескен Махам­бет аудандық мәслихаты депу­тат­тарының бірі – Ақтұрлан Ерма­нов: «Бүгін мен ең бір жауапты сәтті бастан өткердім. Маған жүктелген жауапкершіліктің жеңіл емесін сезіндім. Ауыл әкімдерін таңдау үшін алдымен олардың бағдарламасымен жете таныстым. Бәрі де біздің ауданның тұрғындары болғанымен, олардың арасынан ауыл адамдарының әлеуметтік жағдайының жақсаруына ықпал ететін, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын іскер үміткерлерді таңдау оңай болмады. Өйткені, ауыл әкімдеріне жүктелер жауапкершілік бұрынғыдан да еселене артып отыр. Қашанда ел-жұртпен етене жұмыс жасау екінің бірінің қолынан келетін жұмыс емес», деді.

Махамбет ауданындағы сайлау үдерісін төрт байқаушы жіті бақылап отырды. Дауыс санау барысы да байқаушылардың назарынан тыс қалған жоқ. «Эко» қоғамдық бірлестігі атынан қатысқан байқаушы Макс Боқаев: «Бұл жақсы құбылыс. Сайлау заңға сай өтті», деп түйіндеді өз ойын. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нәсіпқали Сәменов: «Сайлау заң шеңберінде өтті. Ендігі жауапкершілік 12 депутатымызда, олар әкімдерді дұрыс таңдады ма, жоқ па, оны уақыт көрсетеді. Жалпы, елдің кадр таңдау жөніндегі алғашқы болса да жақсы бастамасы қуантады», деді. Ал байқаушы Қажымұқан Есқалиев елімізде ауыл әкімдерін сайлаудың ашық өткеніне көңіл аударды.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері сайлау бюллетеньдерін мұқият санады. Әр үміткерге берілген дауыстан қате кетпеуіне ерекше көңіл аударды. Дауыс санау, соған сәйкес хаттама толтырылғаннан кейін Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Марат Мырзашев әр үміткердің қанша дауыс алғанын жария етті. Нәтижесінде аудандағы он округтің екеуіне жаңа әкім таңдалды. Сөйтіп, аудандық мәслихат депутаттары Ақтоғай және Есбол селолық округтеріне Орынша Қайрекешева мен Мереке Әділғалиевті таңдады. Аталған округтер үшін жаңа әкім ретінде таңдалғандардың бірі – Орынша Қайрекешеваның бұған дейін де бұл қызметте тәжірибе жинағанына көңіл аударылған секілді. Ал Мереке Әділғалиев осы уақытқа дейін ауданның бі­лім беру саласында жұмыс жаса­ған екен. Қалған сегіз округті бұрын­ғы әкімдер басқара беретін болды.

Бұрынғы әкімдер демекші, олардың арасынан Сарайшық селолық округінің әкімі Алмажай Мәстекова ең көп дауыс жинады. А

Соңғы жаңалықтар