Бұл күндері Германияның Магдебург қаласында үстел теннисінен ITTF World Tour Platinum – German Open халықаралық турнирі өтіп жатыр. Аталған сынға Қазақстан атынан Кирилл Герасименко мен Анастасия Лаврова қатысуда, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
Бірінші жарыс күнінде Анастасия Лаврова жапониялық Хонока Хашимтомен кездесті. Өкінішке қарай, жерлесіміз әлем чемпионатының қола жүлдегеріне қарсылық көрсете алмады. Ал Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко алғашқы бәсекесінде жапондық Сонэ Какерден басым түсті. Келесі айналымда Герасименко германиялық Вальтер Рикардоға қарсы ойнайды.
Айта кетейік, German Open – Халықаралық үстел теннисі федерациясының ұйымдастыруымен жыл сайын Германияда өтетін турнир. Бүгінде аталған доданың жүлде қоры 235 000 АҚШ долларын құрайды.