Бүгін Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Нұрсағатов Нұрбол Төлегенұлы Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жариялады.
2004-2005 жылдары Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс комитетінде жетекші маман, бас маман болып бастаған. 2005-2008 жылдары қала әкімдігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында бас маман, бөлім басшысы, директор орынбасары болған.
2008-2011 жылдары Астана қаласы әкімдігінің Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары;
2011-2012 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.
2014-2019 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Көлік және автомобиль жолдары басқармасына, Алматы қаласы әкімдігінің Құрылыс басқармасына және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау басқармасына басшылық жасады.
38 жасар Нұрсағатов Нұрбол меритократия қағидасына сәйкес жетекші маманнан бастап, комитет төрағасының орынбасары, басқарма басшысы лауазымына дейінгі жолдарды өткен тәжірибелі маман.