Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасы Пензада (Ресей) оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Ұлттық құрама қазіргі таңда Австралияда өтетін әлем кубогінің кезеңіне қызу дайындық жүргізуде. 27 қаңтар күні басталған жаңа маусымның алғашқы жаттығу жиыны 15 ақпанға дейін жалғасады.