• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Қаңтар, 2020

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды хабарлағандар сыйақы алады

238 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев құқық бұзушылық туралы хабарлаған адамға сыйақы берілетінін айтты.

 

Сыйақының мөлшері параның көлеміне қарай анықталады. Мәселен, 2 миллион теңгенің парасы туралы хабар берілсе, осы соманың 10 процентін сыйақы ретінде беру ұсынылды. Ал сыйақының шекті мөлшері 10 миллион теңге болады.

«Біз сыйақы берудің дифференциалды жүйесін енгізуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін қазір тиісті үкімет қаулысын әзірлеп жатырмыз», деп атап өтті Шпекбаев.

Оның мәліметінше, соңғы бес жылда жемқорлық үшін жауапқа тартылған адамдардың басым бөлігі - 75 проценті мемлекеттік қызметте орташа және төменгі лауазымда жұмыс істейтіндер. Бұл маңызды бір мәселенің көрінісі болса керек. Бүгінде осы топтағы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы төмен. Сол себепті олар пара алып, жемқорлыққа әуестенеді. Дамыған мемлекеттер бұл мәселені жалақыны көтеру жолымен шешкен.