• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Қаңтар, 2020

Елімізде алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады

245 рет
көрсетілді

Қазақстанда 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында 35 градусқа дейін аяз болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК xабарлады.

«Алдағы үш күнде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнде 25…30°С, кей жерлерде 35°С аяз болады.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 5…10°С, кей жерлерде 13…22°С аяз болуы ықтимал.

Ал батыс өңірлерге жылы атмосфералық ауа ағындары ауысып, жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауады және ауа температурасы бірден көтеріледі» делінген хабарламада.