Қазақстан Республикасының Президент әкімшілігі мен Маңғыстау облысы әкімінің келісімі бойынша Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Бақтыбаев Жанарбек Төлеубекұлы тағайындалды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Полиция полковнигі Таймерденов Қанат Даниярұлы Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Заппаров Арыстанғани Заппарұлы жаңа басшыны жеке құрамға таныстырды.
Жанарбек Бақтыбаев 1963 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1983 жылдан бері қызмет атқарады. ІІМ Орталық аппаратының басшылық лауазымдарында, сондай-ақ Павлодар, Қызылорда, Шығыс Қазақстан Полиция департаменттерінде басшылықта тәжірибесі мол.