«Өзенмұнайгаз» Акционерлік Қоғамы өткен ғасырдың 60-жылдары Өзен кенорнының ашылуына байланысты құрылды. Өткен жылы мекеме Жаңаөзен қаласының экономикалық және әлеуметтік даму жолында бірқатар жұмыстар атқарды. Бұл туралы Маңғыстау облысындағы қоғамдық коммуникациялар орталығы хабарлады.
Сондай-ақ, компанияда Кешенді жоспар аясында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес солтүстік өңірлерге қоныс аудару шаралары іске асырылуда. 2019 жылы 6 отбасы (13 адам) көшірілді (соның ішінде, Павлодар облысына – 3 отбасы, Солтүстік-Қазақстан облысына – 3 отбасы көшті). Көшу шығындары субсидияланып, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ы қаражаты есебінен 1,3 млн теңге төленді.
Кешенді жоспар аясында, «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражаты есебінен «Өзенинвест» МКК-да штат бірлігін ұлғайту арқылы қосымша 350 жаңа жұмыс орындары құрылып, жұмыссыздық есебінде тұрған азаматтар жұмыспен қамтылды. Олардың қызметінің негізгі бағыты – қаланы абаттандыру, спорт, балалар ойын алаңдары мен саябақтарын абаттандыру мен күтіп ұстау.
«Өзенмұнайгаз» АҚ-ның қаржыландыруы мен мазутталған топырақты тазарту бойынша «Таза су» ЖШС-і құрылып, 90 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, білім саласы бойынша «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражаты есебінен 435 млн теңгеге мектептерге 269 мың дана оқулықтар алынды.
Маңғыстау облысы