• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Ақпан, 2020

Қазақстан елшісі Чех президентіне сенім грамоталарын табыстады

208 рет
көрсетілді

Қазақстанның Чех Республикасындағы елшісі Марат Тәжин Чех Республикасының Президенті Милош Земанға сенім грамоталарын табыстады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесу барысында Милош Земан екіжақты саяси, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың даму болашақтарын атап өтті. 

Чех Республикасы Президентінің айтуынша Қазақстан Чехия үшін Орталық Азия және ТМД елдерінің ішіндегі басымдыққа ие елдердің бірі болып табылады. 

Өз кезегінде Қазақстан Елшісі Марат Тәжин чех тарапына Қазақстанның халықаралық бастамаларында, экономикалық, саяси және гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы мәселелерде қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.