• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Парламент 01 Ақпан, 2020

«Сенат Online» жаңа телевизиялық хабары жарыққа шығады

218 рет
көрсетілді

2020 жылдың 1 ақпанынан бастап Еуразия бірінші арнасында «Сенат Online» жаңа телевизиялық бағдарламасы жарыққа шығады. Бұл туралы Парламент палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жоба идеясы – Парламент Сенатының қызметі туралы хабардар ету, қазақстандықтарды толғандыратын мәселелер бойынша сенаторлардың азаматтық ұстанымын көрсету болып табылады.

Сенат Online Парламенттің жоғарғы Палатасының жұмыс аптасының қорытындысын шығарады. Журналистер комитеттерде немесе Сенат отырысындағы аса маңызды заң жобаларының талқысы туралы баяндайды. Телекөрермендер сайлаушылармен кездесу, депутаттардың халықаралық деңгейдегі жұмысы туралы репортаждарды көре алады.

Телехабар тек жедел ақпаратпен ғана шектелмейді. Заң жобалары мен депутаттық сауалдардың тағдырын қадағалау, сенаторлар көтерген проблемалық мәселелерді дамыту және шешу де жоспарланып отыр.

Сенат Online телехабар әр апта сайын сенбі күні сағат 20.30-да шығатын болады.