Кешенді жоспар аясында Жаңаөзен қаласының мұқтаж азаматтарын Ақтау қаласына көшіру мақсатында республикалық бюджеттен 2,9 млрд теңге және «Өзенмұнайгаз» АҚ-нан 1,0 млрд теңге бөлініп, 394 отбасы (1500 адам) баспанамен қамтамасыз етілетін болады.
Қазіргі таңда 338 пәтер сатып алынып, көшуге ниет білдірген тұрғындар комиссия шешімінің оң қорытындыларын алды, келісім-шартқа отыру жұмыстары жалғасуда. Соның ішінде 70 отбасы пәтерлерін алды.
Ал абаттаныдыру және көгалдандыру мәселесі бойынша Қызылсай ауылында «Бұрғышы» мүсіні орналасқан аллея, Тенге ауылынан «Анаға тағзым» аллеясы бой көтерді. Демеушілер қатарында «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның қызметкерлері Айтқали Башенов пен Бекболат Нұрлыбаев бар.
Бұдан басқа «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның 55 жылдығына орай Теңге ауылынан шағын футбол алаңшалары салынды, темір конструкциясы бар 3 стелла бой көтерді, 5 билборд орнатылды, Жаңаөзен-Кендірлі бағытындағы республикалық маңызы бар жол бойындағы стелла құрылысы аяқталды.
Маңғыстау облысы