• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Ақпан, 2020

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қорғаныс министрін қабылдады

216 рет
көрсетілді

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Бұл туралы elbasy.kz хабарлады.

Әңгіме барысында Елбасы Қарулы Күштердің мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды рөліне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев армияның жауынгерлік дайындығын сақтау, еліміздің Қарулы Күштерін жаңғырту мен технологиялық жетілдіруді қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

– Сіздің жұмысыңыз үлкен жауапкершілікті талап етеді. Халық Қарулы Күштердің мүмкіндіктеріне сенімді болуы керек. Біздің мемлекетіміздің тұрақтылығы осыған байланысты, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.