2019 жылы Өнеркәсіп кәсіпорындары 205,9 млрд теңге құрайтын өнім өндірген. Ол 2018 жылмен салыстырғанда 1,4 пайызға артық. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджетке салық пен басқа да міндетті төлемдерден 393,3 млрд теңге түсіп, 15,2 пайызға өсті.
Өткен жылы үдемелі-индустриялық инновациялық дамыту бағдарламасы аясында 194 млн теңге болатын битум негізінде қатты және сұйық гидрооқшаулағыш материалдарды өндіру зауыты іске қосылып, жаңадан 25 жұмыс орыны ашылды. Ал, 2020 жылы 5,8 млрд теңге болатын 3 жоба іске қосылып, 295 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
- Қазіргі таңда ресми статистикалық деректерге сәйкес, қала бойынша 31 011 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасайды, соның ішінде 79,9 мың азамат қызмет етеді, ол қаланың белсенді тұрғындардың 84,9 пайызын құрайды. Осылайша қалада шағын және орта бизнес саласының қарқынды даму үрдісі байқалуда, деді Ақтау қаласының әкімі Ғ.Ниязов есеп беру кездесуінде.
Маңғыстау облысы