• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Технология 02 Ақпан, 2020

Қазақстан Тель-Авивтегі киберқауіпсіздік жөніндегі конференцияға қатысты

245 рет
көрсетілді

Қазақстандық компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің өкілдері (KZ-CERT) Тель-Авивтегі киберқауіпсіздік саласындағы технологияларды дамытудың өзекті мәселелеріне арналған CYBERTECH 2020 халықаралық конференциясына қатысты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық сарапшылар елдеріміз арасындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын одан әрі жетілдіру тұрғысынан израильдік әріптестермен келіссөздер жүргізді.

Кездесулердің қорытындысы бойынша Израиль Премьер-Министрі кеңсесі жанындағы Киберқауіпсіздік жөніндегі ұлттық директоратпен, Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметімен (Israel-CERT), сондай-ақ жеке компаниялар өкілдерімен ынтымақтастықты одан әрі кеңейту бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.