• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығы №220

494 рет
көрсетілді

2013 жылғы 2 сәуір,  Астана қаласы

«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері» туралы  Қазақстан Республикасы  Ішкі істер министрінің 2011 жылғы  27 мамырдағы № 246 бұйрығына  өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы №607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 12-тармағының 1) тармақша­сына сәйкес бұйырамын:1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7032 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2011 жылғы 30 қарашада № 31 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарына қызметке үміткерлерді іріктеу және зерделеу жөніндегі нұсқаулықта:4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«4. Азаматтар үшін жас ерекшеліктерін шектеу «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Рес­публикасы Заңымен айқындалады.».көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ІІМ-нің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауға арналған үлгі келісім-шартта:3, 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «3. Білім беру ұйымы:1) тыңдаушыны (курсантты) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім алу жағдайларымен қамтамасыз етуге;2) тыңдаушыға (курсантқа) ай сайын оған тиесілі лауазымдық жалақы (стипендия) төлеуге;3) тыңдаушыны (курсантты) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тиесілік нормалары бойынша нысанды және арнайы киім-кешекпен тегін қамтамасыз етуге;4) нормативтік актілермен белгіленген оқу жағдайларын жасауға және тыңдаушыны (курсантты) қажетті жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге;5) тыңдаушыны (курсантты) заңнамада белгіленген тәртіппен медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етуге; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда тыңдаушыға (курсантқа) қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты келтірілген зиянды өтеуге;7) тыңдаушының (курсанттың) оқу кезеңдерін растайтын құжаттарды және жинақтау зейнетақы қорындағы оның шотына ақша аудару туралы мәліметтерді мемлекеттік мұрағатқа тапсыруға;8) әскери билетінің (тіркеу куәлігінің), сондай-ақ еңбек кітапшасының сақталуын қамтамасыз етуге және оған қажетті жазбалар енгізуге;9) тыңдаушының (курсанттың) жеке ісіне оның оқуына жұмсалған шығын туралы анықтаманы тіркеуге;10) тыңдаушыны (курсантты) аумақтық ішкі істер департаменттерінің, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің тапсырыстарына сәйкес ішкі істер органдарының бөліністеріне бөлуге;11) ерекше жағдайлар: ________________________________________________________(білім беру ұйымының қосымша міндеттемелері көрсету немесе сызба жасау)____________________________________________________________________________________________________________________міндетті.4. Тыңдаушы (курсант):1) осы келісім-шартты заңнамада белгіленген тәртіппен өзгертуге және бұзуға;2) қауіпсіздік және гигиена талаптарына жауап беретін оқу, тұру және медициналық қамтамасыз ету жағдайларына; 3) қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты денсаулығына келтірілген зиянның өтелуіне;4) қолданыстағы заңнамада көзделген кепілдіктер мен өтемақыларды алуға____________________________________________________________________________________________________( кепілдіктер мен өтемақылардың қосымша түрлерін көрсету)5) өз қаражаты есебінен кәсіби біліктілігін арттыруға;6) егер ол оқуды үздік бітірсе, аумақтық ішкі істер департаменттерінде, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінде қызмет орнын таңдауға құқылы.»;5-тармақтың 9), 10) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:«9) ішкі істер органдарының тиісті бөлінісінде кемінде 5 жыл қызмет өткеруге және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының бітірушілерін дербес бөлу хаттамасына сәйкес бөлінген жерге 5 жұмыс күні ішінде келуге;»;10) тыңдаушы (курсант) үлгермеушілігі, тәртіпсіздігі, өз еркі бойынша оқудан шығарылған, сондай-ақ «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда стипендия төлеуге, оның оқ у кезеңінде тамақтануы мен заттай үлесіне жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтаруға міндетті. Ұстауға жататын сома білім беру ұйымында болған әр толық айға тең есептеледі; 11) тыңдаушы (курсант) оқу орнын бітіргеннен кейін ішкі істер органдарында қызмет өткеруден бас тартқан немесе «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша келісім-шартты бұзған жағдайда стипендия төлеуді, оның оқу кезеңінде тамақтануы мен заттай үлесіне жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтаруға міндетті. Ұстауға жататын сома келісім-шарт мерзімінің аяқталуына дейін қалған қызмет етпеген әрбір толық айға тең есептеледі. Тыңдаушының (курсанттың) кінәсінен жоғалған немесе бүлінген мүлік (қару, арнайы техника) үшін ол азаматтық заңнамаға сәйкес шығынды өтейді.»; 9-тармақ алынып тасталсын.2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің: 1) «Қазақстан Республикасының Ішкіісмині оқу орындарының бітірушілерін дербес бөлу және жас мамандармен жұмыс ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 12 желтоқсандағы № 692 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1364 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2001 жылғы ақпанда № 2 жарияланған);2) «Қазақстан Республикасының Ішкіісмині оқу орындарының бітірушілерін дербес бөлу және жас мамандармен жұмыс ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Респуб­ликасының Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 12 желтоқсандағы № 692 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 184 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4223 болып тіркелген) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.3. Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді және мерзімдік баспа басылымдарда жария­лауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр  полиция генерал-лейтенанты          Қ. ҚАСЫМОВ.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 29 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8442 болып енгізілді.

Соңғы жаңалықтар