Қызылордалық полицейлер ЕАЭО елдерінен әкелінген автокөліктер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
17 қаңтардан бастап халыққа қызмет көрсету орталығында әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері мемлекеттік кірістер департаментінің мамандарымен бірлесіп, ЕАЭО елдерінен әкелінген көлік құралдарын тіркеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Орталыққа келген көлік иелеріне полиция қызметкерлері тіркеу ережелерін таныстырып, азаматтардың барлық сұрақтарына жауап береді. Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері баж салығының мөлшерін есептейді.
Өткен демалыс күндері 28 азаматқа құқықтық кеңес берілді.