Ұлттық сараптама орталығы мен Орталық референс-зертхана мамандары зерттелінетін материалдарда 2019-nCov короновирусты анықтау бойынша жүргізілген зертханалық зерттеулерде вирус табылмағандығын мәлімдеді.
Зерттеу барысында 17 тұмау және 17 тұмауға ұқсас инфекциялық жағдайлар анықталды.
Ағымдағы жылдың 26 қаңтарынан бастап Ұлттық сараптама орталығына ҚХР-дан келген, жоғары температурадағы ЖРВИ белгілері анықталған пациенттердің үлгілері келіп түсуде.
26 қаңтар мен 3 ақпан аралығында Ұлттық сараптама орталығына, Ухань қаласынан келген 82 студент пен 12 жетекші, бортсерікті қоса алғанда, 101 науқастан және 148 байланыста болған адамнан 249 материал түсті.
Ұлттық сараптама орталығы жоғары тыныс алу жолдарынан алынған жағындыларға 2019-nCov коронавирус бойынша, сондай-ақ тұмау және тұмауға ұқсас вирустық инфекцияларға тегін негізде зерттеу жүргізетінін атап өткен жөн.
Сонымен қатар материалдың үлгілері (қан, жоғары тыныс алу жолдарынан алынған жағындылар) «М. Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының» Орталық референс-зертханасына 2019-nCov коронавирусына қатар зерттеу жүргізу үшін жіберіледі.