• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Ақпан, 2020

Көкшетауда су құбыры жарылып, 20 тұрғын үй судан ажыратылды

219 рет
көрсетілді

Көкшетау қаласында су құбыры жарылып, 20 тұрғын үй судан ажыратылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорнының мәліметі бойынша, төтенше жағдай бүгін таңертең Ақан сері көшесінің бойындағы 116 тұрғын үйдің тұсында болған.

«Осы жерде диаметрі 300 мм магистрал су құбыры жарылды. Осыған байланысты Назарбаев даңғылы мен Ақан сері көшелерінің қилысатын тұсы жабылып, көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Апатты жою үшін кешкі сағат 20:00-ге дейін 20 тұрғын үйді ауыз судан ажыратуға тура келді. Тұрғындарға су күні бойы тасымалданып жеткізіледі», - деп түсіндірді «Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорнының диспетчерлері.

Айта кетейік, 2020 жылдың 1 қаңтарында Көкшетау қаласындағы Ш.Уәлиханов көшесі 177 үйдің жанында су құбыры жарылған болатын. Ал ақпанның 1-інде Көкшетауға қарасты Краснояр кентінде диаметрі 150 мм су құбыры магистралы жарылып, тұрғындарға су тасымалданып жеткізілген еді.