Венгрияның Дербецен қаласында бокстан «Иштван Бошкай» мемориалы жалғасуда. Кезекті жарыс күнінде қазақстандық Дамир Тойбай мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Аса ауыр салмақта сынға түсетін Дамир шаршы алаң қожайыны, венгриялық боксшымен қолғап түйістірген болатын. Екінші раундта алған кезекті нокдауннан соң қарсылас боксшының бапкерлері ортаға орамал тастап, жекпе-жекті тоқтатуды сұрады.