• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Ақпан, 2020

Елорда әкімі тұрғындарды қабылдады

218 рет
көрсетілді

Тұрғындар кездесу барысында әлеуметтік көмек алу, қаладағы бітпеген құрылыстардың аяқталу мерзімі және тағы басқа мәселелерді көтерді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Азаматтарды қабылдау тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Былтыр аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігі 11 мыңнан астам адам қабылдады. 3 ауданның әкімдігінде «бір терезе» негізінде бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсететін «Open Akimat» ашылды.

Сонымен қатар азаматтарды қабылдау «Жанұя» орталығында да жүреді. 8 ақпан күні (сенбі) орталықта ашық есік күні өтеді.