• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Ақпан, 2020

Фитосанитарлық инспекторлар өткен жылғы жұмыс қорытындысы бойынша есеп берді

299 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы министрлігінде Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелерінің басшыларының өткен жылғы жұмыс қорытындылары бойынша есептері тыңдалды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.Исаеваның және АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы А. Марстың төрағалығымен өткен кеңес барысында фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру бойынша негізгі мәселелер қарастырылды. Іс-шара барысында жиынға қатысушылар 2019 жылы Парламент Сенатының Төрағасы Д. Назарбаеваның тапсырмасы бойынша Ресей Федерациясы мен Қырғызстан Республикасымен шекаралас аумақтарда ашылған фитосанитариялық бақылау бекеттерінің жұмысының жоғары тиімділігін атап өтті. Атап айтқанда, сыртқы экономикалық қатынастар(СЭҚ) қатысушылары рұқсат беретін өсімдіктер карантині саласындағы бұзушылықтардың азаю үрдісі байқалды. Сонымен қатар аса қауіпті және карантиндік объектілермен залалданған алаңдарды болжау және мониторингі саласында жаңа технологияларды (дрондар мен т.б.) зерделеуге және қолдануға бағытталған ғылыммен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіруге, фитосанитариялық бақылау және қадағалау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және жою сұрақтарына ерекше назар аударылды. Кеңес қорытындысы бойынша Қазақстан аумағының фитосанитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырмалар берілді. Өсімдік шаруашылығы өнімінің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында карантинге жатқызылған өнімнің экспорты кезінде бақылауды күшейту және импорттаушы елдердің фитосанитариялық талаптарын сақтау бойынша міндеттер қойылды.