• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Ақпан, 2020

Түркістан облысы жол құрылысы - жөндеу жұмыстары бойынша көш басында

837 рет
көрсетілді

Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы - 20 928,9 шақырым. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі өткен жылы 74,1 пайызға жеткен. Аталған көрсеткішті биыл 77,6 пайызға жеткізу көзделуде.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимовтіңмәлімдеуінше, автомобиль жолдарына жүргізілген құрылыс-жөндеу жұмыстарының ауқымы бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр. Сондай-ақ басқарма басшысы, өңірлік коммуникациялар қызметінде, өткен жылы 1 738 шақырым жол мен көше құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылып, оның 1 270,4 шақырымы пайдалануға берілгенін атап өтті. Ал 2020 жылы 869,8 шақырым жол мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Өңірде жолаушыларға 44 тасымалдаушы мекеменің 1300 қоғамдық көлігі қызмет көрсетуде. Өткен жылы 8 елді мекен қоғамдық көлікпен қамтылып, 19 тұрақты бағыт ашылған. Облыс бойынша 238 қоғамдық көлік жаңартылған. Соның ішінде, Түркістан қаласы бойынша жергілікті тасымалдаушымен 26 жаңа автобус сатып алыныпты.