Pegasus Airlines әуе компаниясының ұшағы Ыстанбұл әуежайында апатқа ұшырап, нәтижесінде қаза тапқандар саны үш адамға жетіп, 170-тен астам жолаушы зардап шекті.
«Ұшақ 30 метрлік биіктіктен қону кезінде құлап түскен», деді Ыстанбұл губернаторы Али Йерликай жергілікті телеканалдардың эфирінде.
5 ақпан күні кешкісін Измир-Ыстанбұл бағыты бойынша ұшып келген «Боинг» ұшағы қону кезінде апатқа ұшырап, екіге бөлініп кеткен.
Алдын ала болжамға сәйкес, апатқа қатты жел себеп болған.
Айта кетейік, Ыстанбұлда ұшақ ұшып-қону жолағынан шығып кеткенін хабарлаған болатынбыз.