• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Ақпан, 2020

Түркиядағы ұшақ апаты: Жарақат алғандардың арасында қазақстандықтар бар

223 рет
көрсетілді

5 ақпан күні кешкісін Измир-Ыстанбұл бағыты бойынша ұшып келген «Боинг» ұшағы қону кезінде апатқа ұшырады. Белгілі болғандай ұшақта екі қазақстандық та болған.

Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығының мәліметіне сәйкес, 2020 жылғы 5 ақпанда жергілікті уақыт бойынша шамамен 18.00-де Ыстанбұл әуежайына қолайсыз қону барысында ұшу-қону жолынан тыс шығып кетуі салдарынан Қазақстан Республикасының екі азаматы жарақат алған. Олар Фатих Сұлтан Мехмет ауруханасына жеткізілген.

Бұл жағдай Бас консулдықтың бақылауына алынып, азаматтарымызға қажет көмек көрсету бойынша тиісті шаралар қабылдануда.

Соңғы жаңалықтар