• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Ақпан, 2020

Қызылорда: FlyArystan билеттері сатыла бастайды

189 рет
көрсетілді

Қазақстандағы алғашқы лоукостер FlyArystan әуе компаниясы жақын арада Қызылордада билет сатылымын бастайды. Бұл туралы облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.

Басқарма мамандары «Қорқыт Ата» әуежайы» АҚ мен аталған компания арасында өзара келісімшарт жасалғанын айтады.

Соған сәйкес ұшақтар 16 наурыздан бастап Алматы-Қызылорда-Алматы бағыты бойынша күнделікті, ал 20 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан-Қызылорда–Нұр-Сұлтан бағыты бойынша аптасына 4 рет қатынайды.