«Қазгидромет» РМК Қызылорда облыстық филиалының мәліметіне сүйенген төтенше жағдайлар департаменті 7 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түсетінін хабарлады.
Сонымен қатар осы күні оңтүстіктен екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 23 метрге жететін жел тұруы мүмкін.
Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуды ескертеді.