• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Ақпан, 2020

Азия чемпионатына баратын балуандар анықталды

163 рет
көрсетілді

16-23 ақпан аралығында Үндістанның астанасы – Нью-Делиде күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтетіні белгілі.

Кеше біз әйелдер күресінен өтетін жарыста Қазақстанның намысын кімдердің қорғайтыны жайында жазғанбыз. Бүгін грек-рим күресінің бас бапкері Бақтияр Байсейітов айтулы додада қай шәкірттеріне сенім артатынын жария етті. Сөйтіп, Азия чемпионатында есімдері төменде аталған балуандар боз кілемге шығады:

55 кило ­– Қорлан Жақанша

60 кило – Айдос Сұлтанғали

63 кило – Ернұр Фидахметов

67 кило – Әділхан Сатаев

72 кило – Ибрагим Магамадов

77 кило – Темірлан Шадукаев

82 кило – Евгений Поливадов

87 кило – Азамат Құстыбаев

 

Ал 97 және 130 кило салмақ дәрежелерінде Қазақстан құрамасы сапында кімдердің өнер көрсететіні әлі белгісіз.