Бүгін Абай ауданы, Қарауыл ауылында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Қансонарда бүркітші шығады аңға» атты республикалық бүркітшілер сайысы басталды.
Құсбегілер додасы екі күнге созылады. Бүгін бүркітшілер қолға қондыру, еркін ұшыру, шырға салу секілді кезеңдер бойынша сынға түседі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайысқа еліміздің 13 облысы мен екі қаласынан 50-ден астам құсбегі келген.
Шараның ашылу салтанатында Абай ауданы әкімі Жарқынбек Байсабыров құттықтау сөз сөйлеп, алыс-жақыннан келген бүркітшілерге алғыс айтты.