Сеулде мәнерлеп сырғанаудан «Төрт құрлық чемпионаты» турнирі жалғасуда. Әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстан атынан Айза Мамбекова өнер көрсетті. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Қазақстандық спортшы қысқа бағдарламада 37,91 ұпай иеленіп, 21-ші орынға тұрақтады.
Бірінші орында жапониялық Рика Кихира (81,18). Екінші орында америкалық Брэди Теннел (75,93), үшінші сатыда кореялық Ю Юнг (73,55) келеді.