• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Ақпан, 2020

Қызылордада «Абай қазынасына саяхат» клубы ашылды

328 рет
көрсетілді

Қызылордадағы Достық үйінде «Абай қазынасына саяхат» клубының тұсаукесері болып өтті. Бұл туралы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының баспасөз қызметі хабарлады.

Шараға филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы Сара Бақтиярқызы, ұлы ақынның өлеңдерін жатқа білетін жас Елена Пак, Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Александр Абанин, жас қылқалам шебері Жайна Балықбаева, Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Меруерт Маратовалар арнайы шақырылды. 

Тағылымы мол шараны «Қоғамдық келісім» КММ аға сарапшысы, клуб жетекшісі Шакизат Абдраманова және Қорқыт ата атындағы ҚМУ студенті Елена Пак жүргізді.

Ең бірінші клубтың мақсат-міндеті, алдағы жұмыс-жоспарлары таныстырылды.

Ұлы Абайдың шығармашылығы туралы абайтанушы Сара Бақтиярқызы айтып өтті. Ұлт ақыл-ойының шыңында тұрған ұлы ойшылдың әлемнің озық тұлғаларымен үндестігі жайлы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Александр Абанин тарата айтты.

Танымдық шарада клуб мүшелері караокемен «Көзімнің қарасы» әнін орындады. «Сыр қамқоры» балабақшасының бүлдіршіндері клубтың ашылуына орай арнайы қойылым қойды.  

Шара соңында 35 адамға «Абай клубының мүшесі» куәлігі табысталды.

 

Қызылорда облысы