• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Ақпан, 2020

Коронавирус жұқтырғандар саны 34 мыңнан асты

237 рет
көрсетілді

Коронавирустың жаңа түрінен қаза болғандардың саны 8 ақпандағы таңғы уақыт көрсеткіші бойынша 724 адамға дейін өсті, оны жұқтырғандардың саны 34,8 мыңнан асады, сауығып кеткендер 2050. Бұл туралы South China Morning Post хабарлады.

Осылайша, құрбандар саны бір тәулік ішінде 88 адамға көбейген. Оның алдында 636 адам қайтыс болғаны және 31,1 мыңы жұқтырғаны туралы ресми ақпарат хабарланған болатын.

Қайтыс болғандар мен ауруға шалдыққандардың көбі Ухань қаласында (Хубей провинциясы) тіркелген, онда коронавирус 2019-nCoV таралу ошағы орналасқан. Қытайдың басқа да провинцияларында тағы бірнеше адам қаза болды.

Қытай ғалымдары жаңа коронавирустың тасымалдаушысы болуы мүмкін ағзаны атады. Бұл туралы Daily Mail жазды. Олардың мәліметінше, бұл панголин - қабыршағы Қытай халық медицинасында жиі қолданылатын жануар, ал етін Қытай мен Вьетнамда жейді.