• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Президент 09 Ақпан, 2020

Қайғылы жағдайға жол берген меморган қызметкерлері жауапқа тартылады

289 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-парақшасында Қордай ауданындағы қазіргі жағдай туралы хабарлады.

«Қордай ауданында жағдай тұрақты. Бердібек Сапарбаев басқаратын комиссия жұмысын жалғастыруда. Қайғылы жағдайға жол берген меморган қызметкерлері мен арандатушылар жауапқа тартылады. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Отандастарымызға азаматтық жауапкершілік ұстанымдары үшін ризашылық білдіремін» деп жазды ел Президенті.