• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Ақпан, 2020

Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған Ресей азаматтары қамауға алынды

341 рет
көрсетілді

Ақтөбе облыстық полиция департаменті «Голд» компаниясына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаржы ұйымының басшылары, Ресей Федерациясының екі азаматы ҚР ҚК 217-бабында қарастырылған қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды және 2 ай мерзімге тергеу изоляторына қамалды. Компания кеңсесінде тінту шаралары өткізіліп, оның барысында құжаттама мен компьютерлік техника алынды. Полиция департаменті азаматтарды әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджерлерінде тараған жалған мәліметтерге сенбеуге шақырады. Барлық мәселе бойынша Ақтөбе облысының полиция департаментіне, Ағайынды Жұбановтар көшесі 271/1 немесе 729-052, 936-420 телефондары бойынша хабарласуға болатынын хабарлайды», - деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.