• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Ақпан, 2020

Әзербайжанда Парламент сайлауында дауыс беру аяқталды

274 рет
көрсетілді

Жергілікті уақыт бойынша сағат 19.00-де Әзербайжанда Парламент сайлауында дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі мәліметтер бойынша, сағат 17:00-де 2 389 754 азамат дауы берген, бұл барлық дауыс берушінің 44,84 пайызы. Елде 5 329 461 азамат дауыс беру құқығына ие.

Айта кетейік, Милли Меджлисте 1 314 үміткер бақ сынады. Оның 246-сы 19 саяси партиядан тіркелген. Сайлауға қатысушылардың арасындағы үміткерлердің 21 пайызы әйелдер, 79 пайызы ерлер. 125 сайлау округінде 5573 сайлау учаскесі істеді.

Сайлауды 883 халықаралық және 77 790 жергілікті бақылаушы бақылады.