Бүгін қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1 362 техника бірлігі мен 1 657 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өткен түні қар тазалау жұмыстарына 1 289 техника бірлігі мен 142 жол жұмысшылары тартылып, 21 350 текше метр қар шығарылды (1780 рейс).
Қыс басталғалы бері барлығы 276 478 рейс жасалып, 3 352 872 текше метр қар полигондарға төгілді.