• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Кино 10 Ақпан, 2020

Оскар 2020: Шет тілдегі фильм тұңғыш рет үздік атанды

408 рет
көрсетілді

Оскар кешінің ең басты жүлдесі «Үздік фильм» номинациясын тұңғыш рет шет тілдегі туынды жеңіп алды. Оңтүстік кореялық «Паразит» фильмінің шығармашылық тобы үшін бүгінгі кеш ерекше болғаны анық. Бұдан өзге фильм тағы 3 жүлдеге ие болды. 

Оскардың 92 жылдық тарихында шет тілдегі фильм тұңғыш рет үздік атанды. «Паразит» жүлдеге ұсынылған 8 ағылшын тіліндегі туындыны артта қалдырды.

Одан өзге фильм «Үздік халықаралық көркем фильм» және «Үздік бастапқы сценарий» номинацияларын жеңіп алды, сондай-ақ туынды режиссері Бонг Чжун Хо «Үздік режиссёр жұмысы» үшін жүлдеге лайық деп танылды. 

Оңтүстік кореялық фильм бүгін кино әлеміндегі тарихи сәттердің басты кейіпкері болды десек артық емес.   

Осыған дейін ешқандай Оңтүстік кореялық фильм Холлиудтың беделді жүлдесі үшін таласып көрмеген. 

Фильм режиссері Бонг Чжун Хо