2020 жылғы 10 ақпанда Пхукет аралында (Таиланд) екі катер соқтығысты. Бір катерде тай экипажы, екіншісінде - 39 ресейлік турист болды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің Telegram-каналында жарияланды.
Таиланд құзыретті қызметтерінің ақпараты бойынша, ауруханаларға 21 ресейлік азамат пен Таиландтың үш азаматы жеткізілді. Бірнеше адам ауыр жағдайда.
Зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.