Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шаралары жайында айтты.
«Қазақстанда коронавирустық инфекция жағдайлары тіркелмеген. Қазақстанда ЖРВИ симптомдары мен жоғары температурасы бар 134 адам ауруханаға жатқызылды, олардың 106-сы сауығып шықты, 28-і әзірге стационарларда емделуде. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық», - деді Е.Біртанов.
Министрдің айтуынша, медициналық ұйымдар Қытайдан келген азаматтардың денсаулығын мониторингілеу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
«24 167 адам қамтылды, оның ішінде 1298-і – шетел азаматтары. Соңғы 14 күн ішінде ҚХР-дан келген 8 851 адам медициналық бақылауға алынған, қалған 15 316-сы инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты мониторингтен шығарылды. Орталық референс-зертхана базасында Аса қауіпті инфекциялар ұлттық орталығы Ұлттық биотехнология орталығымен бірлесіп, коронавирусты жедел диагностикалауға мүмкіндік беретін диагностикалық жүйені әзірледі. Халықаралық ынтымақтастық аясында Роспотребнадзордан 2000 зерттеуге диагностикалық жүйелер алынды және ҚХР-дан 5000 зерттеуге сатып алынды», - деді ол.