• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Ақпан, 2020

Қазіргі таңда Қордай ауданында жағдай тұрақты - Бердібек Сапарбаев

265 рет
көрсетілді

Бердібек Сапарбаев Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссияның атқарған жұмыстарын баяндады.

«Қазіргі таңда жалпы Жамбыл облысының Қордай ауданында жағдай тұрақты. Барлық құқық қорғау органдарының көмегімен жергілікті әкімдіктер жұмыс істеп жатыр. Жалпы өткен 5 күннің ішінде дәрігерлік көмекке 141 адам жүгінді. Оның ішінде 19-ы полиция қызметкерлері. Өкінішке орай, 10 адам қайтыс болды. Көз жұмғандардың отбасыларына жерілікті демеушілердің, әкімдіктердің тарапынан көмек көрсетілді. Комиссия мүшелері қаза тапқан барлық азаматтың отбасыларына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан көңіл айтты. Барлық шараларына қатыстық. Қазіргі таңда Қордай аудандық ауруханасында 13, Алматы қаласында 25 адам дәрігерлік көмек алып жатыр. Қырғызстанда болған 9 адамды Алматы мен Таразға қайтардық. Алматыдан Қордай ауданына 10 жоғары білікті дәрігер келді», - деді Бердібек Сапарбаев.