Бүгін таңертең Бейжің қаласынан Қазақстанның 217 азаматы жеткізілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында айтты.
«Бүгін таңертеңгі 06.05-те Бейжің қаласынан Қазақстанның 217 азаматы жеткізілді. Олардың барлығы қазір арнайы медициналық ұйымға орналастырылуда. Араларында науқас адамдар тіркелген жоқ», - деді Елжан Біртанов Үкімет отырысында.
Сондай-ақ 12 ақпанда Қытайдан Қазақстанның 145 азаматын жеткізу жоспарланып отыр. Эвакуациялау аяқталғаннан кейін ҚХР аумағында 343 азамат қалады, олар Қытайда қалуға ниет білдірді.