• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Парламент 11 Ақпан, 2020

Сенат депутаттары Әзербайжандағы парламенттік сайлау барысын бақылады

148 рет
көрсетілді

Сенатор Нұртөре Жүсіп және Мұратбай Жолдасбеков Әзербайжанда өткен кезектен тыс парламенттік сайлауға қатысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Әзербайжан республикасында 9 ақпанда өткен кезектен тыс Парламент сайлауына қазақстандық сенаторлар халықаралық бақылаушы ретінде Милли Меджлистің атынан шақырту алды.

Депутаттар жалпы сайлаудың қанағаттанарлық деңгейде ұйымдастырылғанын айтып өтті. Сенатор Н. Жүсіптің мәлімдеуінше, сайлауда дауыс берушілер мен бақылаушыларға барлық жағдай жасалды.

Аталған елдегі сайлау барысын 58 ел және 59 ұйымнан 883 халықаралық бақылаушы қадағалады.