• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Спорт 11 Ақпан, 2020

Аян Бейсенбаев Бразилиядағы халықаралық турнирде үздік бестікке енді

201 рет
көрсетілді

Бразилияны Сан-Пауло қаласында триатлоннан Панамерика кубогі аяқталды. Ірі халықаралық сынға қазақстандық атлет Аян Бейсенбаев та қатысты. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Жарыс қорытындысы бойынша Бейсенбаев бесінші орын иеленді. Ол турнирді 01:01:17 нәтижесімен аяқтады.  Бірінші орынды Мануель Мессиос, ікінші орынды Мигель Идальго иеленген. Үздік үштікті аргентиналық Лусиано Таконе қорытындылады.