• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Спорт 11 Ақпан, 2020

Дмитрий Панарин мен Артур Ниязов әлемдік рейтингтегі үздік спортшыларды жеңді

202 рет
көрсетілді

9 ақпан күні Филиппинде бадминтоннан командалық Азия чемпионаты басталды. Асқар Орманов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы алғашқы ойында жеңіліс тапты. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Қазақстан командасы бірінші матчта Үндістанмен кездесіп, 1:4 есебімен жеңіліп қалды. Алайда, команда көшбасшылары Дмитрий Панарин мен Артур Ниязов кішігіріп сенсация жасады.

Жұптық кездесуден олар әлемдік рейтингте 10-шы орында тұрған Үндістан командасының үздіктері Чираг Шетти мен Праннойды үш партия қорытындысы бойынша ұтты. Есеп: 18:21, 21:16, 21:19. 

«Бүгінге дейін қазақстандық бадминтоншылар әлемдік рейтингте алғашқы ондықта тұрған спортшылардан басым түскен емес. Демек, Панарин мен Ниязовтың бұл жеңісін кішігірім ерлік деуге болады. Өкінішке орай, командадағы өзге жігіттер жеңіліп қалды. Ертең біздің команда Малайзияға қарсы ойнайды», - дейді бас бапкер Асқар Орманов. 

Бадминтоннан командалық Азия чемпионатына төмендегі спортшылар қатысуда:

Ерлер: Дмитрий Панарин, Артур Ниязов, Никита Брагин, Хайтмурат Кульматов; 

Қыздар: Камила Смағұлова, Айша Жұмабек, Оксана Штелле, Арина Сазонова.