11-16 ақпан күндері Португалияда үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді. Бұл сынға Қазақстан командасының мүшелері де қатысады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Еуропа төріндегі бәсекеге Қазақстан атынан үш спортшы қатысады. Олар – Зәуреш Ақашева, Анастасия Лаврова және Гүлчехра Хусейнова.
Айта кетейік, өткен аптада үстел теннисінен Испанияда өткен ірі халықаралық турнирде қазақстандық Кирилл Герасименко топ жарды.