• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Ақпан, 2020

Елордалық волонтер-заңгерлер азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетті

211 рет
көрсетілді

Бүгін «Біз - біргеміз» жобасы аясында елордалық волонтерлер «Шапағат» және «Әсем» сауда орталықтарында тұрғындарға тегін құқықтық кеңестер берді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға консультациялық көмек көрсетуге волонтер-заңгерлерді тартуға бағытталған.

«Іс-шара барысында адвокаттар, заңгерлер, сот орындаушылары, құқықтық органдардың басқа да қызметкерлері және «Құқықтану» мамандықтарының студенттері қала тұрғындарына кеңес беру жұмыстарын жүргізді. 300-ден астам адам маңызды мәселелер бойынша кеңес алды. Осындай іс-шараларды айына бір рет жүйелі негізде өткізу жоспарлануда», - деді Қоғамдық даму істері басқармасының маманы Ақулан Тастемір.

Іс-шара қалалық Әділет департаменті мен Нұр-Сұлтан қаласының  Қоғамдық даму істері басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылды.